Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ КЕЛБЕТІ ӨЗГЕРДІ


Қызылорда келбеті өзгерді. Қаланың 200 жылдығына орай көп қабатты үйлер әрленіп, сырланып қана қоймай, көшеде түрлі бейнелер пайда болды.
Пірікталас, талқылау, нұсқалар, материалды таңдау. Дәл осы шеберханада нағыз ғажайып мүсіндер дүниеге келеді. Дизайнер, суретші, шеберлерден құрылған команда кезекті шедевр жасап жатыр. Әділет Наурызбаев, «Арт-Орда» ЖШС өкілі: - Қызылорда қаласы қазақшылықтын қаймағы болғандықтан, көбінесе ұлттық нақыштағы кіші архитектуралық формалар. Жоба авторлары - осы жұмысты жасайтын жігіттер-қыздар - барлығы осы Қызылорданың азаматтары, тұмалары. Арнайы дизайнерлер бар. Ұсталар бар. Командалық жұмыс болып есептеледі.
Қазақ даласының ұлы ақындары мен ойшылдары, көшпенді ауылдар мен желмен қалықтаған Қазақстан туы. Қызылорданың кіреберісіндегі қазіргі көрініс осындай. Қала ішіндегі көше бойларына да архитектуралық пішіндер қойылған. Тұрғындар қаланың жаңа келбеті мен дизайнерлік өзгешеленгеніне дән риза.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: