Атанши ауылдық округінде жалғасын тапқан аудан әкімі Абзал Мұхимовтың есептік кездесуінде алдымен ауыл әкімі Еркін Назаровтың баяндамасы тыңдалды.
Аудан орталығынан 200 км қашықтықта орналасқан Атанши ауылдық округіне Атанши және Жіңішкеқұм елді мекендері кіреді. Жалпы халық саны 550-ді құрайды. Ауыл халқының басты тіршілік көзі мал шаруашылығы болып табылады. Осыған байланысты ауылда алдағы уақытта ет және сүт өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп ашу жоспарланып отыр. Және Атанши ауылында қазіргі күні ішкі жөндеу жұмыстары жүргізіп жатқан жаңа мектеп осы жылдың сәуір айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Кездесу барысында ауыл әкімі Еркін Назаров тарапынан жоспарланып отырған осындай тың жобаларға аудан әкімі Абзал Сансызбайұлы қолдау танытып, барынша көмек көрсететіндігін айтты. Және 2015 жылғы атқарылған жұмыстарды таныстыруға бағытталған баяндамасында көрсетілген оң өзгерістер арқылы табанды еңбегі үшін ауыл халқының алғысына ие болды.