Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТКІЗІЛДІ

ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТКІЗІЛДІҚазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай 2015 жылдың 23 желтоқсанында «Достық үйінің» концерттік залында «Көшбасшы.KZ» зияткерлік сайысының жабылу салтанаты өткізілді.
Салтанатты шара «Қоғамдық келісім» мекемесі, Қызылорда облысы бойынша саясаткер- әйелдер Клубы және қалалық білім беру бөлімінің қолдауымен, «Dream club» жастар ұйымының ұйымдастырылуымен өткізілді.
Шараға облысымызың зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, қалалық орта мектеп оқушылары мен ұстаздары, студенттер, белсенді жастар қатысты.
«Көшбасшы.KZ» зияткерлік сайысына қаланың 50 мектебінен барлығы 220 оқушы қатысып, 54 оқушы озып шықты. Апта сайын өткізіліп отырған сайыс нәтижесінде 9 оқушы іріктеліп шықса, 3 ай ішінде олардың арасынан 3 оқушы жеңімпаз атанды. №5 мектеп-лицейінің оқушысы Р.Сейілхан, №15 мектеп-лицейінің оқушысы Р.Ержан, №4 орта мектебінің оқушысы Д.Сұлтан ақтық мәреде сынға түсіп, сайыстың шешуші кезеңінің жеңімпазы Д.Сұлтан атанды.
Мерекелік шара барысында «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры У.Ибраев және «Dream club» жастар ұйымының төрағасы Ә.Әлібек ой өткірлігімен көзге түсіп, алғырлығымен алға шыққан оқушыларды дипломдармен марапаттап, сайыстың өткізілуіне үлес қосқан азаматтарға алғыс хат табыстады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: