Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Халықаралық экология саммитінде Арал мәселесі талқыланады – Президент

Кіші Аралдың қалпына келуі бүкіл Сыр өңірін одан әрі көркейтеді. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

Фото: musorniy.ru

- Біз су мәселесімен жүйелі айналысуымыз керек. Мен былтыр БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құруды ұсындым. БҰҰ-ны реформалау барысында осы мәселені алға қарай жылжытуымыз қажет. Алдағы сәуірде Астанада Халықаралық экология саммиті өтеді. Жиында Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшыларымен Арал мәселесін талқылаймыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы орайда Мемлекет басшысы Кіші Аралдың қалпына келуі бүкіл Сыр өңірін одан әрі көркейтуге жол ашатынын айтты.


 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: