Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жас кәсіпкердің наубайханасы

Қармақшылық Махмут Қазақбай «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 12 млн теңге несие алды. Сол қаржыға ашылған наубайханада қазір бөлке нан, батон, сайка, қара нан сияқты нан өнімдері пісіріледі, 10 адамды жұмыспен қамтып отыр.
– Адам бір орында тоқтап қалмауы керек. Қазір арамызда жұмыссыз жүргендер баршылық. «Мемлекет жасаса, мемлекет әперсе, мемлекет жұмыс тауып берсе» деген жалған желеумен күнелтуде. Адам талпынбай жетістікке ешқашан жеткен емес. Басында әрине үрей болды. Бірақ жеңе білдім. Еңбек еттім. Нәтижесі жаман емес. Алға қойған мақсатым көп. «Қалауын тапса – қар жанады» дейді ғой. Бұл кәсіптен бөлек түрлі бағыттағы салада кәсіп ашқым келеді, – дейді жас кәсіпкер.
22 жастағы талапты жас мұнымен тоқтап қалмақ емес. Мемлекет тарапынан тағы да қолдауға ие болса, пластик бұйымын жасайтын, дәнекерлейтін цех пен балалар ойнайтын ойын-сауық кешенін ашсам дейді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: