Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА АУЫЗ СУ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСАРДЫ


Қай кезде де тұрғындарды таза ауыз сумен қамту мәселесі – негізгі тақырыптың бірі. Бұл бағытта Қызлорда қаласында игілікті істер аз емес.

2013 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген 3 млрд. 752,3 млн. теңгеге барлығы 13 шақырым ауыз су және 4,6 шақырым кәріз су жүйелері қайта жаңғыртылды, Оған қоса сервистік желілер, 25 су бұрғылау ұңғымалары бұрғыланды, 1407 су есептегіш құралдары орнатылды.
2014 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген 1 млрд. 502,0 млн. теңгеге қала ішінде және
5 ауылдық округте 18 су бұрғылау ұңғымалары бұрғыланды. Ақсуат, Абай, Айнакөл, Ақжарма, Қараөзек елді мекендерінде 49,8 шақырым ауыз су жүйесі, 74,5 шақырым сервистік желілер тартылып, 1750 су есептегіш құралдары орнатылды.
2015 жыл республикалық және облыстық бюджеттерден 3 млрд. 824,6 млн. теңге бөлінді. Оған қалада және 1 елді мекенде 55,3 км ауыз су, 951 су есептегіш құралдары, 20 дана су бұрғылау ұңғымалары, 45 шақырым сервистік желілерін орнату жүргізілген. Бүгінгі күні 38 км ауыз су желісі, 45 км сервистік желілер және 7 дана ұңғымалар қайта жаңғыртылып, 800 дана су есептегіш құралдары орнатылды.
2016 жылы ҚР Ұлттық қорынан Тасбөгет кентінің ІІ көтергіш бас тоған су алу құрылымдағы насостық станциядан бастап «Южный» камералық қосуға 1 млрд. 275,9 млн.теңге бөлініп, 14,6 шақырым болатын су құбырын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласын дамыту бойынша «Европалық даму және қайта құру банкі» арқылы ауыз су және кәріз су жүйелері мен ғимараттарын қайта жаңғырту инвестициялық бағдарламасына сәйкес, Қызылорда қаласын сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің құрылысына және қайта жаңғыртуға облыстық бюджеттен қоса қаржыландыруға 154,4 млн. теңге, Ұлттық қор есебінен 1389,5 млн. теңге бөлінді.
2017 жылы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласын дамыту бойынша «Европалық даму және қайта құру банкі» кеңесшілері дайындаған ауыз су және кәріз су жүйелері мен ғимараттарын қайта жаңғырту инвестициялық бағдарламасына сәйкес, ауыз су және кәріз су жүйесін жаңғыртуға Ұлттық қордан 545,4 млн. теңге қоса қаржыландыруға облыстық бюджеттен 60,6 млн. теңге бөлінді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: