Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда облысында тәртіптік кеңестің 7-ші отырысы өтті

Қызылорда облысында тәртіптік кеңестің 7-ші отырысы өттіКеше ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жанындағы Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Тәртіптік кеңес хатшылығы. 
Отырыс барысында 4 мәселе қаралды. Мәселен, Қызылорда облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары М.Барақбаеваның басқармасының тәртіптік комиссиясымен 2014 жылы және 2015 жылдың І-тоқсанында атқарылған жұмыстары мен басқармада сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында атқарылған шаралары туралы хабарламасы тыңдалды. Тәртіптік кеңес Басқармамен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында атқарылған жұмысын талқылап, кемшіліктер орын алғанын көрсете келе, бірқатар ұсыныстармен қатар басқарма басшысының 9 ай қорытындысының есебін қайта тыңдауды ұйғарды.
Сонымен қатар, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ш.Сыдықовтың және Жосалы кенті әкімінің орынбасары А.Қойшыбаевтың тәртіптік істері қаралды. Олар 2015 жылдың 26 наурызында автобус аялдамаларын дайындап, орнату жұмыстарына №761646 электрондық конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша «Болашақ Азия Сервис» ЖШС-нің, «Құрылыс-Базис Кызылорда» ЖШС-нің, «Кызылорда-Стройсантех Сервис» ЖШС-нің электрондық конкурсқа қатысуға тапсырған өтінімдерін дұрыс емес негізде қайтарып және 2015 жылдың 24 наурызында тұрмыстық қатты қалдықтар салынатын контейнерлер сатып алуға №763837 электрондық конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша «Таркон» ЖШС-нің және «Өмірзақ» ЖШС-нің конкурстық өтініміне қатысты шешімдер әзірлеу мен қабылдау кезінде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету әрекетімен сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтарға жол бергені аталып көрсетілді.
Тәртіптік кеңес мәселені талқылай келе, өз шешімімен Қармақшы ауданы, Жосалы кенті әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ш.Сыдықовқа, Жосалы кенті әкімінің орынбасары А.Қойшыбаевқа «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы Қармақшы ауданының әкіміне ұсыныс берді.
Одан басқа, Қармақшы ауданы, Алдашбай Ахун ауылдық округінің әкімі М.Шоқбаровтың тәртіптік ісі қаралды. Алдашбай Ахун ауылдық округі әкімінің 27.02.2015 жылғы №172-ө өкімі негізінде ауылдық округті абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін 3 лот бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу барысында, Комиссия төрағасы – ауылдық округтің әкімі М.Шоқбаров тарапынан ҚР-ның «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң талаптары бұзылған, тиісінше М.Шоқбаров шешімдер әзірлеу мен қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету әрекетімен сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылыққа жол берген.
Осы іс бойынша Тәртіптік кеңесінің мүшелерімен Алдашбай Ахун ауылдық округінің әкіміне «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешім Қармақшы ауданының әкіміне ұсынылды.
Соңғы мәселе бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысындағы Тәртіптік кеңесі мүшелерінің 2015 жылдың  II-жарты жылдығында жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі бекітілді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: