Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАСТАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЖАСТАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

Бүгін Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Қармақшы ауданының орталығы – Жосалы кентінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Әкімдік жанындағы жастар істері жөніндегі кеңесінің көшпелі отырысы өтті.
Кеңестің негізгі мақсаты - жастарға қатысты кешенді мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын анықтау, оны қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсыныстарды тұжырымдау.
Отырыс аясында 2016 жылдың 18 маусым және 23 желтоқсанда өткен кеңестердің хаттамалық тапсырмаларының, ү.ж. 24 сәуірде № 766 облыс әкімімен бекітілген Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021 жылға дейінгі Жол картасының орындалуы жөнінде, Қызылорда облысы, Байқоныр қаласы, Қармақшы, Арал аудандары бойынша мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы хабарламалар тыңдалды. 
Сондай-ақ, NEET санатындағы жастармен атқарылған жұмыстар, жас кәсіпкерлерді қолдау мәселелері талқыланды.
Кеңес барысында қатысушылар Қармақшы ауданындағы жас кәсіпкерлердің бастамасымен және аудандық жастар ресурстық орталығының жұмысымен танысты.
Кеңеске облыстық департамент, басқарма басшылары, қала, аудан әкімдері және орынбасарлары, ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі мамандар, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері, белсенді жастар ұйымдары қатысты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: