Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сақшылар арнайы фестиваль ұйымдастырылды

Сақшылар арнайы фестиваль ұйымдастырылды26  маусым – Халықаралық  нашақорлыққа  қарсы  күрес  күні аясында  Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен орталық  алаңда  нашақорлыққа  қарсы  фестиваль  ұйымдастырылды.  
Фестиваль  барысында  митинг  өткізіліп, жыл көлемінде есірткі  мәселесін  көтеріп, үздік ақпараттандыру шарасын жүргізген БАҚ, қоғамдық ұйым өкілдері  департамент тарапынан  алғыс  хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.
Шара барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, театрландырылған қойылымдар, ән мен би көрермен назарына ұсынылды.  
Аталмыш  акцияға  Қазақстан  эстрада  жұлдызы  Серік  Ибрагимов  шақырылды. Әнші өзінің  өнерін  көрсетіп,  бұқара  қауымды  нашақорлықпен ұйымдасқан түрде күресуге шақырды.  
Кешенді  іс-шараға  қатысушыларға  үгіт-насихат  өнімдері,  мерекеге  келген  балаларға  ойыншықтар  таратылды.  
Қызылорда  ОІІД  ЕБҚКБ  тарапынан  шығартылған  полиграфиялық  үгіт-насихат  өнімдері  (плакаттар  мен  үгіт  парақтары) қала,  аудандарға  таратылып,  олар  халықтың  көп  шоғырланатын  жерлеріне ілінді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: