Өткен 2015 жылы облыс көлемінде 381 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 466 адам әр түрлі дене жарақатын алған. Өкінішке орай 89 адам жол апатынан көз жұмды. Бұл жайында Қоғам-тв арнасы хабарлады.
Бұл көрсеткіш қала аумағында көңіл көншітпейді. Өткен жылы қала көшелерінде 205 жол апаты тіркеліп, салдарынан 27 адам қайтыс болып, 233 адам жарақаттанған. Полиция қызметкерлері осы қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында қала көшелерін аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жол апатына қатысқан автокөлікті арнайы көлікке тиеп, тұрғындарға жол ережелерін қатаң сақтауды ескертті.