Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Күріш орағы ортасына жетті

Қазір – дала төсіндегі дүбірлі еңбек көрінісіне көз тоятын кезең. Диқандар күрішті шашпай-төкпей жинап алуға күш салуда.
Биыл 83,6 мың гектар күріш егілген еді. Қазірге дейін алқаптың 49 процентіне орақ түсті. Бұл шамамен 40951 гектарды құрайды. Әр гектардан орташа өнім 50,3 центнерді шамалайды. Орылған күріштің 32481 гектары (79,3%) бастырылды.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірде биыл 188,1 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде дәндi дақылдар 96,6 мың, майлы дақылдар 6,7 мың, малазықтық дақылдар 66,4 мың, картоп, көкөнiс, бақша 18,3 мың гектар.
Су тапшылығына байланысты күріш көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5,9 мың гектарға дейін азайды. Орнына суды аз қажет ететін малазықтық және майлы дақылдар егілді. Нәтижесінде картоп, көкөніс, бақша көлемі былтырғыдан 9,8 мың гектарға дейін артты.
Қазір күріштен өзге дәнді дақылдарды жинау аяқталды. Майлы және малазықтық дақылдармен қатар жүгері, картоп, көкөніс, бақша, дақылдарын жинау жалғасуда.
Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер есебіндегі 1763 трактор, 849 комбайн, 476 жатка, 353 жүк көлігі және 825 трактор тіркемесі толығымен жөндеуден өткізіліп, күзгі егін жинау және дала жұмыстарына қатысуда. Сондай-ақ, 12,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп отыр.
Облыста негізгі дақыл – күрішке орақ салу 26 тамыздан басталды. Күзгі егін жинау науқанын қазан айының ортасына дейін аяқтау жоспарлануда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: