Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аралда «Әнші балапан» байқауы өтті

Аралда «Әнші балапан» байқауы өттіАралда халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудандық дәстүрлі «Әнші балапан» байқауы өтті. Жас өнерпаздар балалық шақты әнге арқау етіп, би билеП, өнерлерін ортаға салды. Байқауда 15 үміткер - бүлдіршін бақ сынады. 
Балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткен мерекелі шарада ата-ана, Отан, достық туралы әндер шырқалды. Жас дарындар бақ сынаған байқау нәтижесінде ән жанры бойынша бас жүлдені Салтанат Маратқызы («Қарлығаш» балабақшасы), 1 орынды Нұрайым Қамысбекова («Балдырған» б/б), 2 орынды Кәусар Толыбай («Шағала» б/б), Алпамыс Кенжебекұлы («Алтын балық» б/б), 3 орынды Мансұр Ідірісов («Сартай» б/б), Арсен Ғазизұлы («Еңлік» б/б тәрбиеленушісі) иеленді. Би жанры бойынша бас жүлдені «Шағала» балабақшасының би тобы, 1 орынды «Қарлығаш» б/б би тобы, 2 орынды «Толқын», «Алтын балық» б/б би тобы, 3 орынды «Мереке», «Жазира» б/б би тобы жеңіп алды. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше өнерпаз балалар байқауға жоғары дайындықпен қатысқан. Жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: