Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫӘ.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына  орай «Мәңгілік елдің мәдени құндылықтары» атты  кітап көрмесі  ұйымдастырылды. 
Егемендік алып, бүкіл әлем мойындаған мемлекетке айналған Қазақстан өзінің атақты өнер шеберлерімен, рухани бай мәдениетімен мақтана алатын ел. Оқырмандар назарына өнердің барлық саласы – музыка, би, сәулет, театр, кино, қолөнер тақырыбына жазылған кітаптар, альбомдар, ноталық басылымдар ұсынылды. 
Қазақ халқының әлем мойындаған өнер жұлдыздары Шәкен Айманов, Мұқан Төлебаев, Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Нұрмұхан Жантөрин, Әмина Өмірзақова, Роза Бағланова т.б. өнер шеберлеріне арналған кітап-альбомдар  зор қызығушылық тудырды.
Оқырмандар танысқан «Қазақстан сәндік өнері. ХХ ғасыр» атты альбом-кітап қазіргі кезеңдегі Қазақстанда сәндік-қолданбалы өнердің тамаша туындыларын жасаған маңдайалды шеберлердің шығармашылығына арналған. Кітапта зергерлік өнер, металл мен қару-жарақ, керамика, шыны  мен фарфор, музыка аспаптары, тері өңдеу, киізден жасалған көркем дүниелер т.б. қолөнер түрлері қамтылған.
Ш.Тохтабаеваның «Қазақтың зергерлік өнері» атты  құнды фотосуреттермен безендірілген кітабы көне заманнан келе жатқан қолөнердің бір саласы – зергерлік өнеріне арналған. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: