Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қуанышбек Ысқақов: Дариядағы су деңгейі бақылауда болуы тиіс


Бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақов Жосалы кенті тұсындағы Сырдария өзенінің су деңгейін көріп, су тасқынының алдын алу жұмыстарымен танысты.Қазір Шардара су қоймасынан Сырдария өзені арқылы облыс аумағына түсіп жатқан су көлемі 500 м3/сек құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылы 600 м3/сек болған.
Бүгінде Қызылорда су торабынан төменгі ағысқа қарай 420 м3/сек, Әйтек су торабынан - 305 м3/сек, Қараөзек арнасына - 110 м3/сек, Басықара су торабынан - 200 м3/сек, Ақлақ су торабынан - 130 м3/сек көлемде су босатылған. Сонымен қатар, Арал және Қазалы аудандарында өзен бетінде толықтай мұз қатса, Қармақшы ауданы аумағында Жосалы кенті тұсында 5% күр жүруде. Қызылорда қаласы мен қалған аудандарда өзен беті мұздан таза.
Облыс әкімі жауапты сала басшыларына дариядағы су деңгейін үнемі бақылауда ұстап, қауіпті аймақ саналатын учаскелерде кезекшілік болуын, сондай-ақ қажет болған жағдайда құрал-жабдықтар мен арнайы техникалармен қамтамасыз етілуін тапсырды.
5 желтоқсан күні Қармақшы ауданы Жосалы кентінен 7 шақырым төмен Үсентай учаскесінде күрдің кептелісінен өзен суының деңгейі жоғарылаған. Аумақтың қорғаныс бөгеті 1 метр биік. Сонымен қатар, Жосалы кентінің тұсында Жалағаш-Жосалы автожолына су жайылудың алдын алу үшін жол бойының деңгейі төмен 300 метрдей аумағын топырақпен нығайту жұмыстары жүргізілген. Бүгінде елді мекендерді су басу қауіпі жоқ. Қазіргі уақытта су шаруашылығы мамандары су деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жүргізуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: