Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Егінге су бару үшін каналдар тазаланып, насостар орнатылады

Биылғы егіс егу науқаны су тапшылығы жағдайында өтетіндіктен, су арнасын тазарту жұмыстарын іске асыру маңызды. Қызылорда қаласының іргесіндегі елді мекендерді аралаған облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова тұрғындармен кездескенде вегетация кезеңіндегі қолға алынуы тиіс жұмыстарды жеткізді. 


Сондай-ақ, ауыл тұрғындарынан су лимитінің шектеулі болуына байланысты тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануға шақырды.
Аймақ басшысымен пікірлескен Қызылөзек ауылының тұрғындары аяқ су мәселесіне алаңдаулы екенін жеткізді. Себебі бірнеше жылдан бері жоғарыдағы канал тазаланбағандықтан 4 ауылдық округтегі шабындық, жайылымға, көлдер жүйесіне су берілмей келген. 
Мәселені саралаған облыс әкімі тиісті каналдарда тазалау жұмыстары жүргізіліп, насос қондырғыларын орнату арқылы мәселе оңтайлы шешуге ықпал ететінін атап өтті. 
4 елді мекенді жалғайтын каналдың бойындағы яғни Қарауылтөбе, Қызылжарма, Талсуат, Қызылөзек ауылдық округтеріндегі шабындық, жайылымдық және көлдер жүйесіне су жеткізілетін болады. Бұл үшін облыстық бюджеттен қажетті қаражат бөлінді. Мұнан бөлек, көлдер жүйесіне де су берілуде. Нәтижесінде Қызылөзекке қарасты Қараөзек елді мекеніндегі Жаманкөл, Талдыкөл, Лепірім көлдер жүйесіне су құйылуда.
Айта кетейік, биыл өңірде 137 дана насос алуға сұраныс жасалып, 22 ұңғыма тазаланады. Оның ішінде 67 дана насос қондырғысы «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы арқылы іске қосылады. Сондай-ақ, Үкіметтік резерві есебінен 17 каналға механикалық тазарту жұмыстары жүргізіледі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: