Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАУҺАР ЖАУҒАН ЖАҢА ЖЫЛ

ЖАУҺАР ЖАУҒАН ЖАҢА ЖЫЛЖалағаштағы Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде «Жауһар жауған Жаңа жыл» атты жаңа жылдық мерекелік шара өтті. 
Аудан әкімі Т.Дүйсебаев ынтымағы жарасқан елді жаңа жылымен құттықтады. Ауданымыздың 2016 жылғы толағай табыстарына, қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып, жыл үздіктерін Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудан әкімі Алғыс хаттармен марапаттады. Шара барысында ауданымызда төтенше жағдайлардың алдын алу, сонымен қатар Сырдария өзенінде су тасқыны қаупі кезінде қауіпті учаскелерді күшейту, нығайту жұмыстарына белсене қатысқаны үшін бірқатар азаматтар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Салтанатты жиын соңы аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концертіне ұласып, жиналған қауымға Жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: