Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Тіршілікке бейімдерге қолдау мол

Облыс орталығы – Қызылорда қаласында мемлекет тарапынан қолдау көрген кәсіп иелері аз емес. Солардың бірі – «КАУ ЛТД» ЖК.


Тіршілікке ерте бейімделген Жансия Әлсейтова 2019 жылдан бастап жартылай фабрикатталған өнімдер шығарумен айналысып келеді. Биыл ол кәсібін кеңейту мақсатында «Микробизнес Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығына» жүгініп, жылдық өсімі 2 пайыздық мөлшерлемемен 10 млн теңге несие қаражатына ие болды.
Бұл қаржыға Жансия өндіріс орнын заманауи құрал жабдықтармен жабдықтап алды. Нақты кезеңде ол күніне жартылай фабрикатталған 90-110 келі өнім өндіруде. Мәселен, автоматтандырылған құрылғы минутына 1 келі түшпара дайындай алады. Яғни, жұмыс жеңілдеді, уақыттан да ұтасың.
Жансияның цехында қазір жартылай фабрикатталған өнімнің 29 түрі шығады. Бұған қоса ол кондитерлік өнім түрін шығаруды жоспарлап отыр. Дайын өнімдерді кәсіп иесі қаланың 5 бөлшек сауда желілеріне өткізеді. Жеке кәсіпкер 4 адамды жұмыспен қамтып отыр. Өнімдер халыққа тиімді бағада сатылуда. Айта кетейік, қала тұрғындарының сұранысына ие өнімдер «Good food Qyzylorda» атауымен танымал.
Баспасөз туры барысында ақпарат құралы өкілдеріне кәсіпкерлік нысан жұмысы таныстырылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: