Самбодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері өз таңдауын жасады
Қармақшы ауданындағы №100 сайлау учаскесіне ересектер арасында самбодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері У.Сейілова келіп, өз таңдауын жасады.
Халықаралық аренада ел намысын қорғап, әлем чемпионатында жүлдеге ие болған спортшының бұл күні де азаматтық белсенділік танытуы көпшілікке үлгі болды.
У. Сейілованың спорттағы жолы үлкен еңбек пен табандылықтың нәтижесі. Ол бүгінде ауданның жас спортшыларына үлгі болып, өскелең ұрпақты спортпен шұғылдануға ынталандырып келеді.
Әлемдік додада ел көк байрағын биікте желбіреткен спортшының туған жерінде де ел өміріне белсенді қатысты. Жеңіс тұғырында ел намысын қорғаған спортшы бүгін азаматтық таңдауын жасады.