АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ ҚАРУЛАС ДОСТАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
15 ақпан Ауған жеріндегі соғыстан Кеңес әскерлерінің шығарылған күні. Тарихта еркеше таңбамен қалаған бұл айтуыл күнге биыл 27 жыл толып отыр.
10 жылға созылған соғысқа Арал ауданынан 60-қа жуық азамат аттанып, олардың екеуі майдан даласында ерлікпен қаза тапқан еді. Бүгін сол соғыстың салқынын тағы бір ойға оралтқан Ауған соғысының ардагерлері аудандағы №220 мектеп жанындағы Ауған соғысында қаза тапқан боздақтардың құрметіне қойылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қарулас жолдастарының рухына құран бағыштады.