Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Көлік басқару құқығынан 3 жылға айрылды

Көлік басқару құқығынан 3 жылға айрылдыСырдария аудандық сотында Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Аталмыш азамат үстіміздегі жылдың алғашқы күнінде Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата көшесінің бойында өзінің жеке автокөлігін алкогольдік масаю күйінде басқарған. Сырдария аудандық сотының баспасөз хатшысы М.Асанның хабарлауынша, құқық бұзушы сот отырысында кінәсін толығымен мойындады. Сот қаулысымен құқық бұзушы Б. ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: