Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АҚША БОПСАЛАП АДАМ ӨЛТІРДІ

АҚША БОПСАЛАП АДАМ ӨЛТІРДІҚала шетіндегі саяжайда кешкілік уақытта бірге арақ ішіп отырған сотталушы М. танысы сотталушы Д-мен өзара келісімге келеді.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушы М. өзінің бұрынғы жездесінің науқастанып, балдақпен жүретінін, 2 топтағы мүгедек екенін жеткізеді. Жездесі жалғыз тұратынын, жақында атына тіркелген автокөлігінің сатқан ақшасы үйінің сейфінде бар екенін айтады. Содан кейін жеңіл жолмен табыс табуды көздеген екеу қылмыстық келісімге келген.
Алкогольді масайған күйінде екеуі М-ның жездесінің үйіне келеді. Олардың қылмыстық әрекеттерінен бейхабар болған үй иесі А. қарсы алып, ауласына кіргізген.  Одан әрі М. үй иесі А-дан ақша сұрап, бермегендігі үшін ұрады. Жерге құлатып, үйіне кіргізеді. Қолын артқа қайырып, жіппен байлайды. Күш қолданып, ақша сақтаулы сейфінің кілтін сұрап ұрып-соғады. Оған қарсылық білдірген жәбірленушіні екеуі тұншықтырып, қасақана өлтірген.
Осыдан кейін жәбірленушінің 30 мың теңге ақшасы мен қолына тағып жүрген құны 80 000 тұратын жүзігін алып, қылмыс іздерін жасырып, оқиға орнын өртеп, кетіп қалған.
Қайта саяжайға жетіп, сонда тұрып жатқан сотталушы М-ның туысқан апасын ұйықтап жатқан жерінен оятады. Бұрынғы некедегі куйеуін өлтіріп, үйін өртеп жібергендерін айтады. Өз кезегінде апасы сотталушы Б. қасақана жасалған әрекеттердің нәтижесінде зардабы адам өліміне әкеп соққан аса ауыр қылмыстың жасалғанын біле тұра, ол жөнінде құқық қорғау органдарына хабарламаған.
Сотталушы Д. ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен, 99-бабының  2-бөлігінің 3,7,8 тармақтарымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, түпкілікті 20 (жиырма) жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп  белгіленді.
Сотталушы Б. ҚР ҚК-нің 434-бабымен (қылмыс жасалған туралы хабарламау) кінәлі деп танылды, оның көп балалы ана болғандығы және ауру екендігі ескеріліп, 3 жылға бас бостандығынан шектелді.
Айта кететін жағдай, сотталушылар М. және Д. бұрын сотты болған. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: