Жеке және заңды тұлғалар жылжымайтын мүлікке құқықты кез келген шектеу үшін негіз болатын құқықтар белгіленетін құжаттар берілген кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуі керек.
Егер тұлға осы белгіленген мерзімде өтінішін ұсынбаса, заңдылыққа сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Яғни,
Жеке тұлғалар – 10 АЕК,
Заңды тұлғалар 20 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл төлейді.
(ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 460-бабы).
Құрметті қала тұрғындары!
Құрылысы салынып біткен тұрғын-жайларды уақытылы тіркеуден өткізуді сұраймыз!
Заңдастырылмаған меншікті кейін сатуға не басқа біреуге сыйлауға да болмайтындығын ескертеміз!