Сотталушы І. бұрын Қызылорда қалалық сотының үкімімен 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасына сотты болған еді. Соған қарамастан соттылығынан арылмағанына қарамастан қайталап қылмыс жасады.
Қармақшы ауданы сотының мәліметіне сүйенсек, арақ ішкен мас күйінде Қармақшы ауданындағы тұрғын үйге заңсыз кіреді. Төргі бөлмеде үй егелерінің ұйықтап жатқанын көріп, бөлмеде тұрған шкаф ішінен құны 5000 теңге тұратын джинсы шалбарды киіп алған. Сондай-ақ, құны 15000 теңге тұратын қара түсті былғары куртканы алмақшы болып жатқанда, үй егесі оянып кетеді.
Үй егесі «сен кімсің» деп айғайлаған кезде, сотталуша І. өзінің қылмысын жалғастырып, шкаф ішінен алып жатқан куртканы ашықтан ашық ұрлап үлгереді. Содан кейін ол жерден қашып кетіп, жәбірленушіге жалпы 20000 теңге мүліктік залал келтірді. Осылайша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 178 бабының 2 бөлігінің «г» тармағымен қылмыс жасаған.
Сотталушы сотта өзінің істеген қылмыстық ісін толығымен мойындап, жасаған ісіне өкінетінін, енді бұндай қылмыстық іс жасамайтынын көрсетті. Алайда, сот оның бұрын ауыр санаттағы қылмыс жасағанына қарамастан қайталап қылмысты жасағанын, айыпталған бабы бойынша кінәлі деп тапты. Қызылорда қалалық сотының үкімі бойынша КК-нің 60 бабының 1,4 бөлігі қолданылып, 3 (үш) жыл бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі ішінара қосылып, түпкілікті мүлкі тәркіленбей, оған 5 (бес) жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар І.-ны маскүнемдік пен нашақорлықтан ауыратындықтан ҚК-нің 88 бабының 1 бөлігінің «г» тармағының талабына сай оған жаза тағайындау орнында маскүнемдік пен нашақорлықтан еріксіз емдеу шараларын қолдану қарастырылды.