Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада екі жобаның құрылысы басталды

Қызылордада екі жобаның құрылысы басталды. Олар: «Qazaq Camel» ЖШС-нің Түйе сүтінен жасалған құрғақ ұнтақ зауыты мен «Аралтұз» АҚ-ның қуаттылығы жылына 120 мың тонна тұз өндіретін үшінші испан цехы.
Бүгінгі күні мемлекеттік қолдау шарасы ретінде индустрияландыру аймағынан 1,5 га жер телімі беріліп, зауыт құрылысы 85%-ға аяқталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Еламан Жолмырза мәлімдеді. 
-Индустриялық жобаларға келетін болсақ, индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы аясында облыста құны 551,2 млрд.теңгені құрайтын импорт алмастыратын, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға 23 жобамен жұмыс жүргізілуде (6,4 мың жұмыс орны). Осы жобалар аясында 37 млрд.теңге көлемінде инвестиция игерілетін болады. Биылғы жылы облыста аталған бағдарлама аясында жалпы құны 2,1 млрд.теңгені құрайтын 2 жобаның іске қосылуы жоспарлануда. Олар, Арал ауданындағы балық сүбесін өңдеу цехы, Қармақшы ауданындағы құс фабрикасы,-деді Еламан Қайыпұлы.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін «Арал Сода» ЖШС-нің Кальциленген сода өндіру зауыты мен «ABK Prom Service» ЖШС-нің жоғары қысымды шыны пластикалық желілік және сорғы-компрессорлық құбыр зауыты құрылыстарын бастау жоспарлануда. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде индустриялық аймақтан 7 га жер телімі беріліп, бүгінгі күні құрылыс жұмыстарына дайындық жүргізілуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: