Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қайыршылықпен айналысқан 300-ден аса адам анықталды

Қайыршылықпен айналысқан 300-ден аса  адам анықталды Қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру деректерін анықтау, құқықтық ықпал ету, іс-шараларға мемлекеттік органдармен үкіметтік емес ұйымдарды, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кеңінен тарту арқылы тұрғындарға үгіт-насихат шараларын жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айының 7-17 күндері аралығында облыс көлемінде «Қайыршы» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Жедел профилактикалық іс-шараның қорытындысымен облыс көлемінде қайыршылықпен айналысып жүрген 302 адам анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.        
Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігімен 291 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның ішінде қайыршылық жасағаны үшін 214, сексуалдық сипатта қызмет көрсеткені үшін 15, жеке көлікпен тасымалдау қызметі үшін 17 (темір жол вокзалы және оған іргелес аумақтарда-2, автовокзал және оған іргелес аумақтарда-15), сату, сатып алу, заттарды айырбастағаны үшін 36, өзге де қызметтер үшін 9 адам  әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, қоғамдық орында тиісу бойынша бір жыл ішінде қайталап жасағандары үшін яғни, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 2-бөлігіне сәйкес, 8 азаматқа, оның ішінде қайыршылық жасағаны үшін 4, сексуалдық сипатта қызмет көрсеткені үшін 4 хаттама толтырылып, мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды. Шара барысында ішкі істер органдарының қызметкерлерімен барлығы  1 млн. 441 мың 905 теңге айыппұл салынды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: