Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АСТАНАЛЫҚ ЖУРНАЛ ҚАЗАЛЫ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРЫН НАСИХАТТАДЫ

АСТАНАЛЫҚ ЖУРНАЛ ҚАЗАЛЫ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРЫН НАСИХАТТАДЫҚазалы ауданының әкімі Нажмадин Шамұратов көпшілікті Астана қаласынан шығатын «Сән мен сахна» журналының арнайы шығарылымымен таныстырды. 
Журнал аудандағы белсенді қыз-келіншектерді насихаттау, қоғамдағы әйелдердің әлеуметтік мәртебесін көтеру мақсатында қазалылық әйел-аналарға арналып жарық көрген. 
Бегім ана туралы мәліметпен басталған журнал Қазалыдан шыққан жарық жұлдыздар Роза мен Мәдинаға жалғасып, одан кейін аудан көлемінде түрлі салада еселі еңбек етіп жүрген азаматшалар мен ардагер және алтын құрсақты батыр аналар туралы жазылған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: