Бүгін аудан әкімі М. Оразбаевтың төрағалық етуімен аудан көлеміндегі санитарлық штаб отырысы болып өтті.
Оған қала әкімі, бөлім басшылары мен құқық қорғау органының мүшелері және қала тазалығына тікелей жауапты мобилді топ жетекшілері мен мүшелері қатысты. Еске сала кетейік, өткен аптада өткен штаб отырысында бірқатар мәселелер айтылып, тиісті қызметкерлерге тапсырмалар жүктелген болатын. Бүгінгі бас қосуда аталмыш тапсырмалардың нәтижелері тыңдалып, талқыланды.
Атап айтар болсақ, жыл басынан бері құрылған мобилдік топтар 5 мөлтек аудан бойынша бір апта көлемінде тазалық тәртібін сақтамаған жеке тұлғалармен жұмыс жүргізіп, тиісті шаралар жүргізгендігі жөнінде есеп берді. Дегенмен, аудан басшысы әлі де болса жүйелі тексеруді күшейтіп, баршамызға ортақ қаланың тазалығына жіті мән беру керектігін қатаң ескертті. Жиын соңында аталған жұмыстарды жандандырып, жаппай белсенді жұмыс жасауға шақырды.