Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаның бірінші және екінші бесжылдығы аясында өңірде 84,9 млрд теңгенің 24 жобасы іске қосылды.
Бағдарламаның екінші бесжылдығы аясында облыста жалпы құны 459,2 млрд теңгені құрайтын 44 жоба іске асырылуда. Жалпы 5 мыңға жуық жұмыс орны ашылса, оның 30 пайызға жуығы әйелдерге лайықты мамандықтар болады деп жоспарлануда. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында өткен жылдың қорытындысымен 47 әйел-кәсіпкер несие алып, жұмысын жүргізуде.