Ауылдық жердің несие рәсімдеуге қойылатын мүлікті бағалау есебі төмен бағалануына байланысты «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның кәсіпкерге үлкен мүмкіндік көрсетіп отыр.
Сол мүмкіндікті тиімді пайдаланған Жалағаш ауданында тұратын кәсіпкер Арайлым Дуанбай мемлекеттен көрсетіліп жатқан мүмкіндікті тиімді пайдаланды.
Ол несие талаптарын орындай отырып, мал сатып алуға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» Қызылорда филиалы арқылы несие рәсімдеді. Нәтижесінде 10 млн теңге көлемінде несие алған болатын. Несиеге 321 бас қой, 11 бас қошқар сатып алды.
Айта кетейік, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры “Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында мал шаруашылығымен айналысамын дейтіндерге 6,5 жылға 6 процентпен 4 млн теңгеге дейін несие береді. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі де бар.