Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада өрт сөндіретін автосатылар сынақтан өтті

Қызылорда қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде АЛ – 32 (Камаз-53605) екі автосатыны сынақтан өтті. Жаңа техника жоғарғы қабаттағы ғимараттардан адам құтқару мен өрт сөндіруге арналған.

 

Қызылордада өрт сөндіретін автосатылар сынақтан өтті

 

Сатының жоғарыға көтерілу мүмкіндігі 32 метрге жетеді және керек жағдайда ғимараттардың шатырына орнатуға арналған. Өрт сөндіру техникасы және жабдықтау бөлімшесінің басшысы өртке қарсы қызмет майоры Е.Сағындықов автосатыны басқару жүйесінің қарапайымдылығы туралы атап өтті.
Сынақ барысында лафеттік оқпан автосатының жоғарғы жағына бекітілді. Сатыны ең жоғарғы деңгейге дейін көтеріп, 90° +/- 10° бұрыш арқылы бұру сынағы жасалды.
Қызылорда қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет полковнигі О.Жұмабеков қызметкерлерге,  алдағы уақытта бұл жауынгерлік техникаларды жаттығулар барысында үнемі қолданып тұруды тапсырды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: