Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бағытында облыс бойынша биыл жер заңдылықтарының сақталуына жүргізілген 561 тексерулердің жиырма жетісі жоспарлы, 227-сі жоспардан тыс болса, қалғаны өзге нысандарда жүргізілді. Тексеру көлемі 153,6 мың гектар жер учаскелерінде жүргізілді десек, оның ішінде өнеркәсіп жерлері 24528,6 ауыл шаруашылығы жерлері 128958,9, қалғаны елді мекен жерлері мен босалқы жерлерді құрайды.
Тексеру нәтижелерімен жалпы көлемі 127,4 мың гектар жер учаскелерінде 488 жер заңдылықтарының бұзылуына жол берілгені анықталды. Осы құқық бұзушылықтардың негізінен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдаланбау, жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзу, жер учаскесін нысаналы мақсатта пайдаланбау, қалғаны басқа құқық бұзушылықтар. Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жүз елу екі әкімшілік іс қозғалып, 336 заң бұзушылықтар бойынша жазбаша түрде нұсқамалар мен ескертулер берілді.
Әкімшілік іс қозғалған құқық бұзушылықтарға ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің нормаларына сәйкес жүз он төрт факт бойынша 22 млн. 481,5 мың теңге көлемінде айыппұл, отыз сегіз факт бойынша ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылды. Аталған айыппұл жеке тұлғаларға 6 млн. 906,2 мың, лауазымды тұлғаларға 3 млн. 537,3 мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 12 млн. 038 мың теңгеден келеді. Әкімшілік жазамен қатар құқық бұзушылықтардың салдарынан қоршаған ортаға және жерге келтірілген залал да есептелініп, мемлекет кірісіне толығымен өндірілді.
ҚР Жер кодексіне сәйкес жүз он үш заң бұзушылық бойынша жетпіс бір орындалуға міндетті заң бұзушылықты жою туралы нұсқамалар берілсе, қазіргі таңда жүз тоғыз заң бұзушылық бойынша берілген алпыс жеті нұсқама талаптары толығымен орындалып, заң бұзушылықтар жойылды. Сонымен қатар ҚР Жер кодексінің 164-1-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға мемлекет меншігіндегі және пайдалануға берілмеген жер құрамынан өз бетінше иеленіп алынған жалпы көлемі 6,699 гектар жер учаскесін қайтаруды талап ету туралы ұсыныстар жолданып, көлемі 3,678 гектар болатын жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттар рәсімделсе, көлемі 0,005 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.
Жер инспекциясының 2013 жылы жүргізген тексерулері нәтижесінде ҚР Жер кодексінің 92, 94-баптарына сәйкес сегіз жер пайдаланушыдан («Қазпочта» АҚ, «Диол и К» ЖШС, «Арал Газ» ЖШС, «Есабыз Баба» ШҚ, «Zhanros Drilling» (Жанрос Дриллинг) ЖШС, В.Ан, М.Жаңабатыр, Ж.Абишева) көлемі 104,099 гектар жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы сот органдарына талап арыздар жолданған болатын. Бұл талап арыздар үстіміздегі жылы қаралып, төрт жер пайдаланушылардан жалпы көлемі 102,768 гектар, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы мақсатына табысталған («Есабыз Баба» ШҚ) жүз гектар жер көлемі, өндірістік мақсатқа табысталған («Қазпочта» АҚ, «Диол и К» ЖШС, «Арал Газ» ЖШС) көлемі 1,768 гектар жер учаскелерін мәжбүрлі түрде алып қою туралы сот шешімдері қабылданса, «Zhanros Drilling» (Жанрос Дриллинг) ЖШС заң бұзушылықты жою себепті талап арыз қараусыз қалдырылды. Ал, қалған үш талап арыз сот органдарында қаралуда.
Жер қойнауын пайдаланушыларға келетін болсақ, барлығы жиырма жеті тексеру жұмыстарында 24067,5 гектар жер қамтылды. Нәтижесінде 359,14 гектар жер учаскелерінде елу үш жер заңдылықтарының бұзылу фактілері анықталды. Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жиырма сегіз заңды және құқық бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты елу үш әкімшілік іс қозғалып, отыз бір іс бойынша 15 млн. 371,6 мың теңге, жиырма екі іс бойынша ескерту түрінде әкімшілік жазалар қолданылды.
Жер инспекциясы биыл ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жоспардан тыс және бақылаудың өзге де нысандағы түрімен 313 тексеру жұмыстарын жүргізді. Бақылау шаралары ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2012-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарына сәйкес қолға алынып, аймақтың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу жер учаскелерін мақсаты бойынша мүлдем пайдаланбай отырған тұлғаларға да қатысты жүргізілді.
Инспекция биыл басқа да жер пайдаланушыларға (жеке тұрғын үй, коммерциялық, т.б. мақсаттағы жерлер) қатысты жүз елу тоғыз тексеру жұмыстарын жүргізіп, оның нәтижесімен көлемі 12,7 гектар жер учаскелерінде жер заңдылықтарының бұзылу фактілері анықталды. Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша тоқсан екі тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалды. ҚР Жер кодексінің 164-1-баптарына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер құрамынан өз бетінше иеленіп алынған жалпы көлемі 6,699 гектар жер учаскесін қайтаруды талап ету туралы ұсыныстар жолданып, бүгінгі күні көлемі 3,678 гектар болатын отыз жеті жер учаскелеріне жерге құқықты белгілейтін құжаттары рәсімделсе, екі жер учаскесі мемлекетке қайтарылған.
2013 жылы жүргізілген тексерулер нәтижесінде жеті жер пайдаланушыдан көлемі 3,099 гектар жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы сот органдарына талап арыздар жолданды. Ол 2014 жылы қаралып, сот шешімімен төрт жер пайдаланушылардан жалпы көлемі 1,768 гектар жер учаскелерін мәжбүрлі түрде алып қою туралы сот шешімдері қабылданса, заң бұзушылықты жою себепті бір талап арыз қараусыз қалдырылды. Ал, қалған үш талап арыз сот органдарында қаралуда.
Облыс бойынша аумақтық жер инспекциясы 2014 жылы жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың қызметіне алпыс екі тексеру жүргізіп, анықталған құқық бұзушылықтарға сәйкес жауапты лауазым иелерінің үстінен бес факт бойынша әкімшілік іс қозғалды. Ал, қалған Заң бұзушылықты жою туралы берілген төрт ұсыныс бойынша қала әкімдігіне екінші қайтара сұраныс хат жолданды.
Бағдат МҰХАМЕДОВ,
Қызылорда облысы бойынша аумақтық
жер инспекциясының басшысы.