Бүгін Арал ауданының әкімі Абзал Мұхимов ауданымызға іс-сапармен келген экспедиция мүешелерін қабылдады.
Экспедиция құрамында «Қазақстан-Заман» халықаралық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлы мен Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Бейбітбек Бүркітбаев, және «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының Қызылорда облысы бойынша сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және бақылау консультанты Ерқазақ Қожақов пен облыстық ауыл шаруашылық басқармасының кадр бөлімінің басшысы Нұрлан Абдула бар.
Аталған топтың Арал ауданына экспедициясының негізгі мақсаты Ұлт Көшбашысы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» бағдарламасының 98-ші қадамын іске асыру аясында халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды. Жыл сайын елге арнайы ат басын бұруды дәстүрге айналдырған бұл зиялы қауым өкілдеріне аудан әкімі Абзал Мұхимов ыстық ықыласын білдірді.