Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада біреудің атынан 1, 5 млн теңге несие рәсімдеп алған алаяқ ұсталды

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 1967 жылы туған облыс орталығының тұрғыны арызданған болатын. Арызданушының айтуы бойынша, ағымдағы жылдың наурыз айында белгісіз біреулер банктен  арызданушының атынан 1 500 000 теңге  көлемінде тауарлық несие рәсімдеп алған. 
Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа күдікті 21 жастағы бұрын сотты болған азамат  ұсталды.  Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің  190-бабының 2-бөлігі 4-тармағы бойынша (Алаяқтық, бірнеше рет жасалған алаяқтық)  сотқа дейінгі тергеп – тексеру  амалдары жүргізілуде.  
Қазіргі таңда, күдікті толықтай өз кінәсін мойындап, оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.  

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: