Облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов Жалағаш, Сырдария аудандарындағы “Жалын”, “Ақтерек” жазғы тынығу лагерлерінің жұмысымен танысып, демалушы жас жеткіншектермен кездесті.
“Жайдары жазда балаларымыздың демалысын тиімді ұйымдастыру үшін біз барлық жағдайларды жасаудамыз. Лагер қабырғасында өтіп жатқан жазғы демалыстарыңыздың әрбір күні естен кетпестей қызықты сәттерге толы болсын. Тынығу лагерінде жаңа достар тауып, ауызбіршілік пен ынтымақтастықта болыңыздар, жас достар!” - деп жылы лебізін жеткізді.
Мұнымен қоса балаларға демалыс уақытында кітап оқу, қолөнер туындыларын жасау, шығармашылықтарын шыңдау, түрлі спорттық сайыстарда белсенділік көрсетіп, таным көкжиектерін кеңейту бойынша жұмыс жасауға кеңес берді. Сондай-ақ, тынығу лагеріндегі балаларды жан-жақты дамыту бағытындағы атқарылып жатқан бастамаларға оң баға берді.
Асқарбек Темірбекұлы сонымен бірге аталмыш лагерлердің баланың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстарын бақылап, тамақтану шараларын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Бұқарбай батыр ауылындағы 33 мектеп 1977 жылы, Нағи Ілисовтағы 132 мектеп 1971 жылы, ал Таң ауылындағы 118 мектеп 1981 жылы пайдалануға берілген. Мектептердің жобалық қуаты 600 оқушыға арналған.
Бүгін басқарма басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы аталмыш білім орындарын аралап, мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстарының барысын бақылап, мердігерлерге жаңа оқу жылында оқушылардың алтын ұя мектептерімен қайта қауышуына өз уақытында, мүмкіндік жасауды және жұмыстың сапалы болуын қатаң тапсырды.
Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқандығын жеткізген мердігерлер мектептердің жаңа оқу жылында қайта пайдалануға берілетіндігін айтты.