Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 103 бабының 2 бөлігі «ж» тармағымен айыпталған сотталушы Б.Утешовке қатысты қылмыстық іс қаралды.
2014 жылдың қараша айының 17 жұлдызында, түнгі 01 сағат 50 минут шамасында кәмелетке толмаған сотталушы Б.Утешов Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата көшесі бойында орналасқан «Гудзон» түнгі клубында Н.Ерғалиевтің туған күнін атап өтуге келген. Соңғының жолдастарымен танысып, бірге отырып, барлығы би алаңында би билеп жүрген. Содан, кәмелетке толмаған сотталушы Б.Утешов бұрын танымайтын жәбірленуші Б.Кунтуовпен би алаңында иықтарымен соқтығысып қалып, болмашы себеппен сөзге келеді. Сотталушы Б.Утешов жәбірленушінің жағасынан ұстап, жұдырығымен оны бірнеше рет ұрған. Содан кейін кәмелетке толмаған сотталушы Б.Утешов бұзақылық ниетпен, өзімен бірге ұстап жүрген пышақпен жәбірленуші Б.Кунтуовтың іш қуысына, кеудесінен, белінен бір мәртеден күштеп ұрып, кесіліп тесілген жарақаттарын салған. Нәтижесінде соңғыға ішкі қуысына енген жарақаты асқазанды, көк етті жарақаттауы, іш қуысына қан кетуі жарақаты, 03.12.2014 жылғы №861 сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, жәбірленуші Б.Кунтуовтың өміріне қауіпті, сондықтан денсаулығына ауыр зиян келтірілген.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы Б.Утешов ҚР ҚК-нің 103 бабының 2 бөлігі «ж» тармағымен кінәлі танылып, 4 (төрт) жылға бас бостандығынан айырылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 63 бабын қолданып, тағайындалған жазаны шартты деп есептеп, 1 (бір) жыл сынақ мерзімі белгіленді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. (Сотталушының және жәбірленушілердің аты-жөні өзгертілген).