Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

КІТАПХАНАДА МАСЛЕНИЦА МЕРЕКЕСІ ӨТКІЗІЛДІ

КІТАПХАНАДА МАСЛЕНИЦА МЕРЕКЕСІ ӨТКІЗІЛДІӘ.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Масленица» мерекесін өткізді.
Мерекелік шарада кітапхана басшысы Мырзамұратова Нұржамал Ахметқалиқызы барлық қатысушыларды мерекемен құттықтады.
«Масленица»мерекесіне №198 орта мектептің бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты. Олар би билеп, ән салып, түрлі халықтық ойындар ойнады. Мерекеде №4 С.Сейфуллина атындағы қазақ орта мектебінің «Самұрық» би тобы, №217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектептің «Звездочки» би тобы, «Сәулет-Нұрайы» балабақшасының бүлдіршіндері өнерлерін көрермендерге паш етті.
№233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектептің оқушылары және «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы өкілдері орыс халқының әндері мен частушкаларын орындады. Балалар халықтық ойындарды құмарта ойнады. Мерекелік шараға этно-мәдени орталықтардың өкілдері қатысты. Аванзалда «Здравствуй, Масленица» атты суретті кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мереке соңында қатысушылар дәстүрлі дастархан мәзірінен дәм татты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: