Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Екі жылда бағдарлама арқылы 10820 тұрғын жұмыс тапты

Бірнеше жылғы пандемия шектеулеріне қарамастан өңірде "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы арқылы тұрғындарды еңбекпен қамту ісіне мүмкіндік туды. Бағдарлама шеңберінде өңірге белгіленген меже орындалып, 2020-2021 жылдары 10820 тұрғын уақытша жұмыс көзін тапты. 
Бүгін жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гаухар Қалмақова облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықоваға бағдарлама аясында атқарылған жұмыстарды баяндап, бірқатар тапсырмалар алды. 
Жұмыс көзін тапқан 10 мыңнан аса тұрғынның 76,3% - ауыл тұрғындары, 42,5% - жастар, сондай-ақ, аз қамтылған азаматтар мен мүгедектігі бар азаматтар да бар.   Гаухар Қалмақова Жол картасын жүзеге асыру барысында қолданылған тауарлар мен қызметтердің 95%-ы – отандық өндірушілерден алынғанын жеткізіп, индикаторлық көрсеткіштердің өңірде орындалғанын жеткізді.
Аймақ басшысы қазіргідей күрделі кезеңде жұмыс орындарын тұрақты түрде сақтап қалудың маңыздылығын және индустриялық жобалар аясында қажетті еңбек ресурсына нақты талдау жұмыстарын әзірлеу қажет екенін алға тартты.
«Қазір ірі көлемде 21 инвестициялық жоба әзірлеп отырмыз. Мұнан бөлек, әр ауданда, қалада ашылатын нысандар бойынша талдау жүргізіп, бірінші кезекте жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға көңіл бөлу керек. Кез келген мүмкіндікті пайдалана отырып, еңбек нарығында жұмыс көзін тұрақты ұстауды басты алғышарт ретінде қарап, жұмысшылардың жалақысының уақытылы берілуіне жете мән беру қажет,-деді облыс әкімі. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: