Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫНА АРАЛДЫҚТАР ҮН ҚОСТЫ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫНА АРАЛДЫҚТАР ҮН ҚОСТЫАрал ауданының әкімі Абзал Сансызбайұлы аудан белсенділерімен бірге Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында жиын өткізді.
Ең алдымен өз баяндамасын оқыған Абзал Сансызбайұлы Жолдауда қарастырылған аудан атқарар жұмыстарға тоқталды. Және осы жұмыстарды басшылыққа алуды орынбасарлары мен бөлім басшыларына тапсырма етіп берді. Жиын барысында әр саланың қызметкерлері өз пікірлерін білдіріп, Жолдаудың маңызды жақтарына мән берді.
-Бірлік түбі-береке. Елбасы атап көрсеткен міндеттерге жету үшін алдымен ауызбіршілік керек. Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін күш салып еңбек етсек біз алмас асу болмайды. Жолдауда көрсетілген әрбір міндетті орындауға қазақстандық кез-келген азамат мүдделі және міндетті. Әрқайыссымыз тарыдай үлес қоссақ, таудай тірлік бітеді , - деген Абзал Сансыбайұлы аудан белсенділеріне нақты тапсырмалар берді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: