Кезінде әлемдегі алып теңіздердің қатарына кіретін Аралдың экологиясы бүгінде алаңдатарлық жағдайда. Осыған қарай елімізде Арал мен оның проблемаларына қатысты көптеген еңбектер жазылып, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді, деректі фильмдер де түсірілді. Бұо жөнінде ҚазАқпарат мәлім етті. Бүгін міне, Арал мәселесіне арналған тағы бір деректі фильм түсірілгелі жатыр.
Жаңадан қолға алынған «Возвращение моря» атты туынды осыған дейінгі еңбектерден несімен ерекшеленбек. Осы және деректі фильмді түсірумен байланысты өзге де мәселелерді білу мақсатында ҚазАқпарат тілшісі аталған жобаның режиссері Виктор Вильковискиймен сұхбаттасқан болатын.
«Бүгінде түсірілім командасы жасақталып, жұмысқа кірісуге дайынбыз. Біздің бастамамыз мемлекет тарапынан қолдау тауып, қазіргі уақытта құжат, келісімшарттар әзірлену үстінде. Бұйырса, қыркүйек айында түсірілімді бастаймыз деп жоспарлап отырмыз. Ал енді деректі фильмге келсек, мен өзім Арал теңізі мәселесімен жас кезімнен таныспын. Менің негізгі мамандығым биолог. Студент кезімде Арал проблемасына арналған ғылыми-зерттеу экспедициясына қатысып, содан бері осы проблеманы зерделеп келемін. Кино саласында жүргеніме 10 жылдан асты, мен үшін бұл деректі фильмнің орны бөлек, себебі бұл менің авторлық жобам және оған 7 жыл бойы дайындалдым. Жас күнімнен Аралға қатысты жинақтаған білімім мен тәжірибемді деректі фильмнің түсірілімі барысында қолданатын боламын», - деді Виктор Вильковиский.
Қазақстанда Арал теңізі туралы жаңа деректі фильм түсіріледі 2020 жылғы 11 тамыз 23:57Бөлісіңіз: НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кезінде әлемдегі алып теңіздердің қатарына кіретін Аралдың экологиясы бүгінде алаңдатарлық жағдайда. Осыған қарай елімізде Арал мен оның проблемаларына қатысты көптеген еңбектер жазылып, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді, деректі фильмдер де түсірілді. Бүгін міне, Арал мәселесіне арналған тағы бір деректі фильм түсірілгелі жатыр. Жаңадан қолға алынған «Возвращение моря» атты туынды осыған дейінгі еңбектерден несімен ерекшеленбек. Осы және деректі фильмді түсірумен байланысты өзге де мәселелерді білу мақсатында ҚазАқпарат тілшісі аталған жобаның режиссері Виктор Вильковискиймен сұхбаттасқан болатын. «Бүгінде түсірілім командасы жасақталып, жұмысқа кірісуге дайынбыз. Біздің бастамамыз мемлекет тарапынан қолдау тауып, қазіргі уақытта құжат, келісімшарттар әзірлену үстінде. Бұйырса, қыркүйек айында түсірілімді бастаймыз деп жоспарлап отырмыз. Ал енді деректі фильмге келсек, мен өзім Арал теңізі мәселесімен жас кезімнен таныспын. Менің негізгі мамандығым биолог. Студент кезімде Арал проблемасына арналған ғылыми-зерттеу экспедициясына қатысып, содан бері осы проблеманы зерделеп келемін. Кино саласында жүргеніме 10 жылдан асты, мен үшін бұл деректі фильмнің орны бөлек, себебі бұл менің авторлық жобам және оған 7 жыл бойы дайындалдым. Жас күнімнен Аралға қатысты жинақтаған білімім мен тәжірибемді деректі фильмнің түсірілімі барысында қолданатын боламын», - деді Виктор Вильковиский. Сондай-ақ, режиссер деректі фильмнің негізгі сюжетімен таныстырды.
«Түсірілім 2 жылға созылмақ, себебі деректі фильмде Арал теңізінің жылдың төрт мезгіліндегі жағдайы көрініс табуы тиіс. Туынды заманауи талаптар мен стандарттарға сай түсіреледі, яғни барлық форматта көрсетуге болады. Картинада сонау Сармат кезеңінен бастап, күні бүгінге дейінгі Арал теңізі, оның тарихы және онымен байланысты оқиғалар ретімен тізбектелетін болады. Әрине негізгі сюжет теңіздің басты проблемасына арналады. Сондай-ақ, Арал теңізін қайта қалпына келтіру жұмыстары туралы да баяндалады. Яғни теңізді қалпына келтіру мақсатында қандай шаралар қолға алынып, оны кімдер жүзеге асырып жатқанын көрсететін боламыз. Теңіз тағдырын шешуде ғылыми-зерттеу экспедицияның орны ерекше. Осы орайда біз Арал мәселесін халықаралық деңгейде зерттелуі тиіс экспедиция алаңы ретінде көрсетпекпіз. Сонымен қатар, фильмде Аралдың бұрынғы флора, фаунасы мен олардың бүгінгі жағдайы көрініс таппақ», - дейді ол.
Жоба авторының пікірінше, туындыны экологиялық тәрбие беру құралы ретінде де қолдануға болады.
«Біздің басты мақсатымыз осы туынды арқылы адамдарды табиғатты қорғауға шақыру, экология мәселесін назар аудару болып табылады. Сондай-ақ судың қадіріне жете білу, оны дұрыс пайдалану мен тазалығын сақтау. Өйткені, Арал адамдардың әрекетінен туындап отырған проблема. Сондықтан деректі фильмді болашақта жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру мен қоршаған ортаны қорғау ісін насихаттауда пайдалануға болады. Біздікі халықаралық туристік ғылыми орталықтар арқылы басқа ел студенттері де Қазақстанға келіп, Арал мәселесімен тікелей танысып, оның қалпына келтірілуіне өз үлестерін қосса деген ниет», - деді В. Вильковиский.
Оның айтуынша, түсірілім барысында архив деректері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері қолданылады. Түсірілімге Арал маңындағы тұрғындар да қатысады.
«Фильмнің негізгі сюжеті Арал теңізі мен оның маңындағы елдімекендерде түсіріледі. Одан бөлек Алматы таулары және көршілес 5 елді байланыстыратын Сырдария, Әмудария өзендері көрініс табатын болады. Деректі фильм қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көреді. Сонымен қатар фильмді түсіру жұмысына шетелдік мамандарды тарту, олардың ғылыми-зерттеу еңбектерін қолдану жоспарымызда бар. Оның ішінде Ресей, Жапония және Германия елдерінің мамандары тартылады. Сөз соңында айтарым, мен осы туындым арқылы Арал теңізін Орталық Азияның экологиялық индикаторы ретінде көрсеткім келеді. Егер көршілес елдер бірігіп әрекет етсе, Аралды сақтап қалу мүмкіндігі бар екендігін айтқым келеді», - деді фильм режиссері.