АҚШ президенті Дональд Трамп сайлауға қатысты мәлімдеме жасады
АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп сайлаудың аяқталмағанын, сонымен қатар демократ Джозеф Байденнің өзін "жеңімпаз" деп жариялауға асыққанын айтып, сайлау штабында мәлімдеме жасады, деп хабарлады ТАСС агенттігі. Бұл жөнінде qamshy.kz жазды.
"Бұл сайлау аяқталған жоқ. Джо Байден өзін жеңімпаз деп таныстыруға асығатынын бәріміз білеміз. Онымен бірлескен БАҚ оған көмектесуге тырысады, себебі олар шындықтың ашылғанын қаламайды. Байденнің штабы тек жалған, дауыс беруге құқығы жоқ немесе қайтыс болған сайлаушылар берген бюллетеньдерді ескергісі келеді" делінген Трамп мәлімдемесінде.
Оның айтуынша, Байден ресми түрде ешқандай штатта жеңімпаз болмаған.
3 қарашада АҚШ-та президент сайлау өтті, дауыстарды санау әлі күнге дейін жалғасуда, бірақ АҚШ-тың жетекші бұқаралық ақпарат құралдары Байден басым болады деп болжам жасаған. Fox News телеарнасы мен Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Трампты 214 сайлаушы қолдады, ал оның қарсыласы Джо Байден 290 дауысқа ие болды. Жеңіске жету үшін 270 қажет.