Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада адам пышақтаған күдікті елордада қолға түсті

Іздеуде жүрген күдіктіні Нұр-Сұлтан қаласында қызылордалық жедел уәкілдер ұстады.
22 шілдеде Облыстық медицина орталығында Қызылорда қалалық ПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны пышақ жарақаттарымен ауруханаға түскендігі туралы хабарлама түскен. Аталған дерек СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 24-бабы, 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу) бойынша тіркелді. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы Alen түнгі клубында жастар арасындағы төбелес болғанын анықтады. Оқиға орнында жәбірленуші пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Қызылорда облысы ПД КПБ-ның қызметкерлері Қызылорда қаласы ПБ жедел уәкілдерімен бірлесіп, қылмыстық қудалау органынан жасырынып жүрген 24 жастағы жергілікті тұрғынды Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын үйдің біріндегі жалдамалы пәтерде ұстады. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: