Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы тағайындалды

Облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы тағайындалды Облыс әкімінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі өкімімен Тоғызбаев Қайрат Әбенұлы Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. 
Қайрат Әбенұлы 1967 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген.
Ы.Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп инженерлер институтын - инженер-мелиоратор, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін - жерді үйлестіру және жер кадастры бойынша инженері, «Болашақ» университетін - экономист мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы «Казгипрозем» филиалында инженер-жерге орналастырушы ретінде бастаған. 2003-2004 жылдары - Қармақшы ауданының жер ресурстарының басқару жөніндегі комитетінің төрағасы, 2004-2009 жылдары - Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары, 2009-2014 жылдары - облыстық «Қызылордаагросервис» МКК-ның директоры, «Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары, Қызылорда облысы бойынша аумақтық жер инспекциясының бас маманы лауазымдарында қызмет атқарған. 2014 жылдан бастап осы кезге дейін Шиелі ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: