Полиция мен күзет фирмалары меморандумға қол қойды
Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің мәжіліс залында облыстағы жеке күзет ұйымдары басшыларының қатысуымен кездесу жиын өткізілді.
Облыстық ішкіі стер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш жиында шетелдік инвесторлар мен компаниялар арасында әртүрлі даулы жағдайларды тудыратын негативті көріністердің алдын алу, қылмыс пен құқық бұзушылықты, келеңсіз жағдайларды болдырмау, оны дер кезінде анықтау мәселелері талқыланды.
Жиын соңында департамент басшылығы мен жеке күзет фирмалары басшылары арасында әріптестік жөнінде өзара іс-қимыл жасасуға бағытталған меморандум-келісімдер жасалды.