Жалағаштан Қарағандыға гуманитарлық көмек көрсетілді
Қарағанды облысындағы бірнеше елді-мекендер зардап шегуде. Осыған орай, республика көлемінде гуманитарлық көмек көрсету акциялары жүріп жатыр.
Солардың бірі ретінде Жалағаш ауданының белсенді жастары қайырымдылық акциясын өткізді. Халық көп шоғырланатын жерлердегі (базар маңы, автобекеттер) тұрғындар арасында жүргізілген түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде жиналған жылы киімдер, азық-түлік, балалар тағамы, гигиеналық құралдар, ыдыс-аяқ, көрпе-төсектер жиналып, облыс орталығына жеткізілді.
Елде болып жатқан апатты жағдайға Жалағаш ауданының тұрғындары мен жастары бей-жай қарамай, отандастарымыздың хал-ахуалына демеу көрсетіп, күнделікті қажетті тұрмыстық және әлеуметтік заттармен қол көмек көрсетті.