Қызылорда қаласында тұратын Мұхтар Дүйсенов Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына несие алуға өтінім берген болатын.
Өтінімі мақұлданып жеке кәсіпкер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» Қызылорда филиалынан 7,5 млн теңге несие рәсімдеген болатын. Несиеге 1991 жылғы «КаМАЗ» маркалы жүк көлігін тіркемесімен сатып алды. Қазіргі таңда осы көліктің арқасында табыс тауып отыр.
Айта кетейік, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры кәсіппен айналысамын дегендерге 5 жылға 6 процентпен 6 млн теңгеге дейін несие береді. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі тағы бар.