Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАҢАҚОРҒАНДА БАЛАЛАР БАЛ-МАСКАРАДЫ ӨТТІ

ЖАҢАҚОРҒАНДА БАЛАЛАР БАЛ-МАСКАРАДЫ ӨТТІАудан әкімінің шыршасына арналған "Жаңа жыл–жаңалықтың жаршысы" атты балалар балмаскарады сәтті ұйымдастырылды.
Аудан әкімдігінің қолдауымен және аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымы ұйытқы болған шарада алғаш болып "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Балқожаев құттықтау сөз сөйледі. Аудан бойынша 42 мектептің озат оқушылары қатысқан мерекелік шарада өнерпаз оқушылар өнерін көрсетіп, ән мен биден шашу шашты. Өз өнерін көрсеткен балғындарға Аяз ата мен Ақшақар сыйлықтарын ұсынды. Балмаскарад соңында өрендер шыршаны айнала би билеп, көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: