Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ОБЛЫС ӘКІМІ КӨШПЕЛІЛЕР ОЙЫНЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ МҰХТАР НИЯЗОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

 

Бүгін облыс әкімі Қ.Көшербаев белгілі айтыскер ақын Мұхтар Ниязовты қабылдады. 
Қырғызстандағы көшпелілер ойынындағы айтыста жерлесіміз Мұхтар Ниязов пен қырғызстандық Азамат Болгонбаев гран-при жүлдесін жеңіп алған болатын. Екі елден 18 ақын қатысқан дода нәтижесінде жүлделі бірінші орынды Жарқынбек Наушабеков пен қырғыз Болот Назаров алды. Екінші орынды қырғыз ақыны Амантай Құтманалиев пен қазақстандық Нұрмат Мансұров еншілесе, үшінші орынды Асылбек Маратов пен қазақ ақыны Дидар Қамиев қанағат тұтқан еді. 
- Қырғызстанда өткен айтыс өзімнің ғана емес, бүкіл қазақ жұртшылығының мерейін өсірді. Облыс әкімі Қ.Елеуұлы қашаннан өнер адамдарына деген жанашырлығын сезіндіріп, бүгін арнайы қабылдап, жеңіспен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Қазақ, қырғыз, қытай республикасындағы ақындармен біріге, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесі қарсаңында Сыр елінде дүбірлі дода жасасақ деген ұсыныс айтылды. Оны Қ.Елеуұлы ерекше ықыласпен қабылдап, ұсынысты іске асыруға қолдау көрсететінін жеткізді. Бұйыртса, сырбойылықтарды үлкен дода күтіп тұр. Аймақ басшысына үлкен алғысымды білдіремін,- деді Мұхтар Ниязов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: