Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНДАНДЫ

БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНДАНДЫ Арал ауданы әкімінің ел алдындағы есепті кездесуі ауданға қарасты Бөген ауылдық округінде жалғасты. 
Кездесу барысында ауылдық округтің әкімі Ш.Аңдызбаев ең алдымен су маржандарының Ресей Федерациясының Астрахань облысына, Краснодар өлкесіне, Әзірбайжан, Грузия елдеріне тұрақты жөнелтіліп жатқанын баяндады. Бүгінде бұл іске 2016 жылы ашылған «Қарашалаң» сервистік дайындау орталығы ЖШС-гі белсене жұмыс жасауда. Өңдеу орталығының күніне 50 тонна балықты қатыратын және 400 тонна балық сақтайтын мүмкіндігі бар. 
Сонымен қатар, ауылшаруашылық бағытта да жұмыстар аз емес. Былтыр «А.Өмірзақ», «Жалғас», «Биқожа» шаруа қожалықтары өз күштерімен канал қаздырып, шабындық жерлерін суландыру бағытында жұмыс жасады. «Нұрлы-жол» шаруа қожалығы болса ірі қара малын өсіретін жабық мал ұстайтын орынның құрылысын бастады. Ал, «Г.Смагулов» шаруа қожалығы мен «Жалғас» шаруа қожалығы жұмыстарын жандандырып, 2016 жылы асыл тұқымды бұқаларын жаңалау мақсатында қайта сатып алды. Бұданбөлек, бірқатар шаруа қожалықтары мемлекеттік «Сыбаға», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша несиелерін рәсімдеу үстінде. 
Сондай-ақ, өткен жылы бюджеттен 3850,0 мың теңге бөлініп, Бөген орталығының көшесіне 14 бағанға және Қарашалаң елді мекеніне 10 бағанға түнгі жарық шамдары орнатылды. Бұған қоса, ауылды Қызылорда-Бөген бағытына қатынайтын маршрут ашылып, әр аптаның 3 күнінде тұрақты түрде жұмыс жасауда. 
Нәтижелі атқарылған жұмыстарды саралаған есепті жиында көпшілік оң бағаларын беріп, ауыл ақсақалдары аудан басшысына ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: