ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
2018 жылдың 5 шілдесінен бастап қала әкімінің өкімімен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып Каюпов Азамат Биғалиұлы тағайындалды.
Азамат Биғалиұлы, 1986 жылы 30 шілдеде Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді.
Еңбек жолын 2007 жылы «БИС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары ретінде бастаған.
2008-2010 жылдары қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы;
2010-2011 жылдары облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жетекші маманы, бас маманы;
2011-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің сарапшысы, бас сарапшысы;
2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бас сарапшысы;
2015-2016 жылдары «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық Компаниясы Акционерлік қоғамының менеджері;
2016 жылдан осы кезге дейін облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы қызметін атқарды.