Бүгін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының «Кәсіптік білім және бизнес әріптестері сұхбаты» атты облыстық еңбек форумы өткізілуде. Бұл шара 2012 жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Бұл жылы форум Қызылорда индустриалды-техникалық колледжінің базасында ұйымдастырылуда. Еңбек форумының негізгі мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру саласында аймақтың еңбек ресурстарының балансына сәйкес сұранысқа ие өңіріміздегі жүзеге асырылып жатқан индустриалды-инновациялық жобаларға, сонымен қатар, шағын және орта бизнес өкілдеріне қажетті кадрлар даярлаудағы өзекті мәселелер талқыланып, атқарылған жұмыстардың нәтижесі баяндалып, қол жеткен жетістіктер сараланады. Сондай-ақ, алдағы жұмыстардың бағыт-бағдары айқындалып, мақсат-міндеттері межеленетін, бір келісімге келіп, ой бөлісіп, пікір алысатын алаңға айналып келеді.
Форум жұмысына мемлекеттік органдар, меншік нысанына қарамастан Қызылорда облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне қарасты барлық оқу орындары және бизнес өкілдері қатысады.
Форум аясында 4 секция жұмыс жасайды, атап айтқанда:
1)«Білімді ел – мәңгі ел» Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту»;
2)«Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында өндірістік машықтану мен кәсіби бағдарлау жұмыстарын ұйымдастырудағы әлеуметтік серіктестердің рөлі»;
3)«Техникалық және кәсіптік білім берудегі өндірістік шеберлерінің кәсіби тұрғыда өсуі, білім беру сапасын арттыру шарты»;
4)«Тәрбиенің тұжырымдамалық негізіне сәйкес оқу орнында тәрбие үдерісін ұйымдастырудың заманауи амалдары»
Сонымен қатар, 3 байқау, атап айтқанда:
1)«Оқу орындарының кәсіби білім беру бағытындағы ерекшелігін айқындайтын бағдарлы байқау» көрмесі;
2)Білім алушылардың «Өнертапқыш-2016» техникалық шығармашылық жетістіктерінің көрмесі;
3)Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының әдістемелік жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылып, өткізіледі.
Аталған форум жұмысына жалпы алғанда техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының 178 өкілдері қатысады.
Форумның пленарлық отырысына жергілікті атқарушы органдар, «Атамекен» ҰКП-ң және техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының өкілдері қатысуда.